(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2005 ЖЫЛҒЫ 15 ШІЛДЕДЕГІ № 66-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Осы редакция 2007 ж. 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлiк нарығы - ауыл шаруашылығы өнiмi мен оның қайта өңдеу өнiмдерiн сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерiмен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агроөнеркәсiптiк кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткізудi, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбін, оларды қазiргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесi - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агро-өнеркәсіптiк кешен субъектілерiн ақпараттық-маркетингтiк және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, технологиялық ресурстарының бiрыңғай жүйесi;
5) агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) атаулы субсидиялау - мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусiз және қайтарымсыз негiзде қаржыландыру;
Редакция документа
Демо – версия документа