Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ереже (ҚР Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген) (2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы
ереже
(2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (бұдан әрі - Конституциялық заң) Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаларын құру, жұмысын және қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тәртіптік істерді қарау тәртібін, судьяның орнынан түсу құқығын бекіту, оны тоқтату мәселелерін белгілейді.
ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары (бұдан әрі - тәртіптік-біліктілік алқалар) Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртіптік істерді, судьяның орнынан түсу құқығын бекіту және оны тоқтату мәселелерін қарау жөніндегі органдар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген шектерде судьяларға тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тәртіптік жазалар беру құқығын иеленеді.
3. Өз міндеттерін орындау кезінде тәртіптік-біліктілік алқалар тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңға бағынады, сондай-ақ өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.
Тәртіптік-біліктілік алқалардың жұмысына араласуға және оның мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге ешкімнің құқығы жоқ. Тәртіптік-біліктілік алқаның мүшесі қабылданған шешімдердің мәні туралы қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
Документ утратил силу
Демо – версия документа