Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРТІНІҢ 13.12.04 Ж. № 363-Ө ӨКІМІ

2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінiң IV Форумында Қазақстан
Республикасының Президенті қойған мiндеттерді iске асыру жөнiндегі
іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө Өкімі

(2006.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 16  ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған мiндеттердiң iске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев қойған міндеттердi iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн орталық атқарушы және мемлекеттік органдар (келісім бойынша), өзге де мүдделi ұйымдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссияға (келісiм бойынша) Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия (келісiм бойынша) жыл сайын ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда көздемеген iс-шаралардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсін.

Премьер-Министр

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2004 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 363-ө өкімімен бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2006.09.02. № 95 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку