(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 9 ҚАРАШАДАҒЫ № 1686 ҚАУЛЫСЫ
Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысы
(2005.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстаннан мұнай мен газ экспортын қамтамасыз ететiн сенiмдi әрi экономикалық тиiмдi мұнай және газ тасымалы инфрақұрылымын құру жөнiнде Қазақстан Республикасының жұмдасқан, теңдестiрiлген және бәсекеге қабiлеттi саясатын әзiрлеу және Каспий теңiзi қайраңында коммерциялық өндiру басталғанға дейiнгi кезеңге жаңа экспорттық құбырөткiзгіштер салудың басым жобаларын таңдап алу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1180 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. "Құбыр желісі көлiгін дамыту жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 77 өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 9 қарашадағы
№ 1686 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2002.04.16. № 438; 29.11.03 ж. № 1213 ; 2005.01.12. № 1180 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрi, төраға
Редакция документа
Демо – версия документа