(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Темекi шегушілiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 ж. 10 шілдедегі № 340-ІІ Заңы
Осы редакция 2006 ж. 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-3 баптар)
2-тарау. Темекі бұйымдары туралы ақпаратқа (4-7 баптар)
қойылатын талаптар
3-тарау. Кәмелетке толмағандарды және темекі шекпейтіндерді темекі (8-9 баптар)
түтінінің әсерінен және темекі мен темекі бұйымдарын
пайдаланылудан қорғауға бағытталған талаптар
4-тарау. Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу саласындағы (10-11 баптар)
мемлекеттік бақылау
5-тарау. Қорытынды ережелер (12 бап)
Осы Заң темекi бұйымдарын өндiру, сату және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қорғау мақсатында темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу жөніндегі негiзгi шараларды белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын сақтау;
2) темекi бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшiн жас шегiн енгізу;
3) кәмелетке толмағандар арасында темекi шегушiлiктi болдырмау;
4) темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату;
Редакция документа
Демо – версия документа