Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 Қаулысы (2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 Қаулысы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 206 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 206 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 206 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұсынылып отырған қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енеді және ресми түрде жариялануы тиіс.
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9-қаңтардағы № 2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
4. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа