(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 15 ҚАУЛЫСЫ
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 8 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы Аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртібін белгiлейдi.
2. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми, білім беру медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға олардың мәртебесi мен құқықтық өкiлеттiлiгін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектiлерi өтедi.
3. Аккредиттеудi денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында аккредиттеу комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекітіледi.
5. Уәкiлеттi орган аккредиттелген субъектiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi.
2. Аккредиттеу жүргiзу тәртібі
6. Денсаулық сақтау субъектiлерi аккредиттеуден өту үшін уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
2) білім беру медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясының көшiрмесiн;
Редакция документа
Демо – версия документа