Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИН. 2000.21.11 № 264 БҰЙРЫҒЫ

Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы Бұйрық Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2000 жылғы 21 қараша № 264

 

Осы редакция 2006 ж. 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекітілсiн.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу күнiнен күшiне енедi.

 

Министр

Е. Идрисов

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы iстер Министрінің

2000 жылғы 21 қарашадағы № 264

бұйрығымен бекітілдi

 

Консулдық заңдастыру

Ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.

Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.

2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады.

3. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:

1) шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi;

2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi).

4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Косулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку