(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.02.04 Ж. № 231 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк
бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 26 ақпандағы № 231 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 275-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2004 жылғы 26 ақпандағы
№ 231 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк
бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды (бұдан әрi - бағдарламалар) әзiрлеу мен iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi әрi бағдарламалардың жобаларын қалыптастырудың ұғымдарын, ұйымдастырушылық-әдiснамалық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеу, келiсу және бекіту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже әзiрлеу мен iске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттік бағдарламаларға қолданылмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа