Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 434 Бұйрығы (күші жойылды)

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 434 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3873 болып тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 243-244 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді беру ережесінде:

2-тармақ «қосымша» деген сөздің алдынан «1-»деген санмен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері Мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей жарты жылда бір рет береді.»;

6-тармақ «2-бағанда» деген сөздерден кейін «осы Ережеге 3-қосымшада қарастырылған» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген Ережеге қосымша «Қосымша» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын;

осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 2, 3-қосымшалармен толықтырылсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку