(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.04.09. № 836 ҚАУЛЫСЫ
«Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар
жөнінде комиссия құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты
концессиялар жөніндегі комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбілқасымұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Қабиев - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дәулет Жақсылықұлы бюджеттік жоспарлау министрлігi
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
департаментінің директоры, хатшы
Редакция документа
Демо – версия документа