Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.03.05. № 195 ҚАУЛЫСЫ

“Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім
беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң Yлгі ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 2 наурыздағы

№ 195 қаулысымен

бекітілген

 

Жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру

бағдарламаларын iске асыратын білім

беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары кәсiптiк білімнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасы жоғары кәсiптiк білімiнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды.

2. Жоғары кәсiптiк білім жоғары оқу орындарында: университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестiрiлген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады.

3. Жоғары оқу орындарының негiзгi мiндетi - ғылым мен практиканың жетiстіктерi, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негiзiнде жеке адамды кәсiби тұрғыдан қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын игеруге арналған қажеттi жағдайлар жасау.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку