(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 8 ТАМЫЗДАҒЫ № 792 ҚАУЛЫСЫ
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциз таңбаларымен
таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен тақырыбта және мәтінде сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болдырмау, акцизделетiн тауарларды акциз таңбаларымен таңбалау тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша акцизделетiн тауарларды (бұдан әрi - алкоголь өнiмдерi) 2003 жылғы 10 тамыздан бастап жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау енгiзiлсiн.
2. Темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi (бұдан әрi - темекi бұйымдары) жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау 2003 жылғы 1 қазаннан бастап енгiзiлсiн, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды - 2402.
3. Отандық және импорттық өндiрiстегi алкоголь өнiмдерiн 2003 жылғы үлгiдегi акциз таңбаларымен сату:
1) алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 10 тамыздан бастап;
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;
2) алкоголь өнiмдерiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2003 жылғы 1 қарашадан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.
4. Отандық және импорттық өндiрiстегi темекi бұйымдарын 2003 жылғы үлгiдегi акциз таңбаларымен сатуды:
1) темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 1 қазаннан бастап;
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;
Редакция документа
Демо – версия документа