Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 656 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 656 Қаулысы

 

«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. 2006 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:

1) кірістер - 1510292399 мың теңге;

салықтық түсімдер - 1266685478 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 39313436 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8185895 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 196107590 мың теңге;

2) шығындар - 1518760614 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 8468215 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - 16250026 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 37865413 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 21615387 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 101526018 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 103526018 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000000 мың теңге;

6) тапшылық - 126244259 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 1,4 пайыз;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 126244259 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері - 215265062 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 101500838 мың теңге;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 12480035 мың теңге.";

2) мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) 1-1-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорға жіберілетін 2006 жылға арналған бюджетке түсімдердің көлемі айқындалсын";

3) 3-тармақта:

6) тармақшадағы "арнайы" деген сөз "міндетті" деген сөзбен ауыстырылсын;

9) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

"жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыру;";

4) 9-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

5) көрсетілген қаулыға 8-қосымшаның тақырыбындағы "арнайы" деген сөз "міндетті" деген сөзбен ауыстырылсын;

6) көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 11, 12, 13 және 14-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспарының 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Орталық атқарушы органдар екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                          2006 жылғы 11 шілдедегі

                                              № 656 қаулысына

                                                  1-ҚОСЫМША

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                          2005 жылғы 9 желтоқсандағы

                                              № 1228 қаулысына

                                                  1-ҚОСЫМША

 

2006 жылға арналған республикалық бюджет

 

___________________________________________________________________

Санаты                     Атауы                         Сомасы,

  Сыныбы                                                мың теңге

    Ішкі сыныбы

       Ерекшелігi

___________________________________________________________________

   1                         2                              3

___________________________________________________________________

         І. Кірістер                                  1510292399

1         Салықтық түсімдер                             1266685478

  01     Табыс салығы                                 560485520

    1     Корпорациялық табыс салығы                     560485520

      01  Резидент заңды тұлғалардан алынатын

          корпорациялық табыс салығы                     372107111

      02  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын        64243000

          корпорациялық табыс салығы

      03  Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем       9521700

          көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы

      04  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын,       35890400

          төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс

          салығы

      05  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген   71612349

          тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдары - заңды

          тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс

          салығы

      06  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген     2110960

          тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарының

          төлем көзінен ұсталатын, резидент заңды

          тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс

          салығы

      07  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген     5000000

          тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарының

          төлем көзінен ұсталатын, резидент емес заңды

          тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс

          салығы

  05     Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге    609657826

         салынатын ішкі салықтар

    1     Қосылған құн салығы                            456753448

      01  Қазақстан Республикасының аумағында             95606739

          өндірілген тауарларға, орындалған

          жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге

          салынатын қосылған құн салығы

      02  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын     199271601

          және импортталатын тауарларға салынатын

          қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан

          Республикасының аумағына импортталатын

          тауарларға салынатын қосылған құн салығы

      04  Резидент емес үшін қосылған құн салығы          22824805

      05  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын     139050303

          және импортталатын тауарларға салынатын

          қосылған құн салығы

   2      Акциздер                                        11994383

      29  Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген

          шикі мұнай, газ конденсаты                        545340

      41  Қазақстан Республикасының аумағына                 50181

          импортталатын спирттің барлық түрi

      42  Қазақстан Республикасының аумағына                599118

          импортталатын арақ

      43  Қазақстан Республикасының аумағына                112389

          импортталатын күшті ликер-арақ өнімдері және

          басқа да күшті алкогольді сусындар

      44  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-      111459

          латын шараптар

      45  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       66463

          латын коньяк

      46  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        10000

          латын шампан шараптары

      47  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     2493224

          латын сыра

      48  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        16000

          латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және

          этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30

          процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді

          ішімдіктер

      50  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     597895

          латын темекі бұйымдары

      51  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-

          латын құрамында темекі бар басқа да бұйымдар     186900

      55  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     4000000

          латын жеңіл автомобильдер (мүгедектерге

          арнайы арналған, қолмен басқарылатын

          автомобильдерден басқа)

      60  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     3205414

          латын бензин (авиациялықты қоспағанда)

    3     Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны     140344198

          үшін түсетін түсімдер

      01  Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон     3268183

          байланысын көрсеткені үшін төлем

      02  Үстеме пайда салығы                             85879936

      05  Бонустар                                         3787650

      06  Роялти                                          17019371

      07  Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына     289937

          салынатын рента салығы

      08  Қазақстан Республикасының жасалған               1010278

          келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу             

          жөніндегі үлесi

      09  Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем      1281800

      10  Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны            8585

          үшін төлем

      11  Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем        315516

      13  Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын         34020

          табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем

      26  Шикізат секторы ұйымдарынан (Қазақстан          14315646

          Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе

          бойынша заңды тұлғалардан) түсетін роялти

      28  Қазақстан Республикасының шикізат секторы       13133276

          ұйымдарының (Қазақстан Республикасының

          Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша заңды

          тұлғалардың) жасалған келісім-шарттар бойынша

          өнімді бөлу жөніндегі үлесі

    4     Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені       565797

          үшін алынатын алымдар

      06  Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік           386801

          автомобиль жолдары мен автокөлік құралдарының

          өтуіне алымнан басқа, автокөлік құралдарының

          Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

          өткені үшін алынатын алым

      12  Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары            84702

          жиілікті қондырғыларды мемлекеттік тіркеу

          үшін алынатын алым

      13  Телевизиялық және радио хабарын тарататын           12794

          ұйымдарға радиожиілік өрісін пайдалануға

          рұқсат бергені үшін алынатын алым

      15  Теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді           10931

          мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым

      16  Дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеу үшін           20591

          алынатын алым

      17  Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу           450

          үшін алынатын алым

      19  Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы       46320

          автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде

          сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны

          үшін төлем

      21  Сабақтас құқық шығармаларын және объектілерін       3208

          пайдалануға авторлық құқық және сабақтас құқық

          объектілерін, лицензиялық шарттарды мемлекеттік

          тіркегені үшін алынатын алым

  06     Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға  91297619

          салынатын салықтар

    1     Кеден төлемдері                                 80120441

      01  Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен     59786000

          жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін

          тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда,

          әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары

      02  Әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары   19634441

      05  Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден     700000

          аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелінетін

          тауарларға жиынтық кедендік төлем

    2     Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын   11177178

          басқа да салықтар

      01  Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді     11177178

          жүзеге асырудан түсетін түсімдер

  07     Басқа да салықтар                               38684

    1     Басқа да салықтар                                  38684

      09  Республикалық бюджетке түсетін басқа да            38684

          салық түсімдері

  08     Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны         5205829

         және (немесе) құжаттар бергені үшін

         оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар

         немесе лауазымды адамдар алатын міндеттi

         төлемдер

    1     Мемлекеттік баж                                  5205829

      01  Консулдық алым                                    664191

      03  Мемлекеттік нотариалдық кеңселер нотариуста-       32000

          рының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін

          алынатын мемлекеттік баж

      11  Қазақстан Республикасы азаматтарының             1440550

          паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін

          алынатын мемлекеттік баж

      13  Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық         5350

          шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында

          жасалған ресми құжаттарда мемлекеттік органдар-

          дың апостиль қойғаны үшін алынатын мемлекеттік баж

      14  Жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинисттің         447328

          куәлігін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж

      15  Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу   868294

          туралы куәлік бергені үшін алынатын мемлекеттік

          баж

      16  Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені     1744806

          үшін алынатын мемлекеттік баж

      18  Зияткерлік меншік саласында іс-әрекет жасағаны      3310

          үшін алынатын мемлекеттік баж

2         Салықтық емес түсімдер                          39313436

  01     Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер        31119727

    1     Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі          1059400

          бөлігіндегі түсімдер

      01  Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың        1059400

          таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері

    3     Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекет-      5106063

          тік пакетіне дивидендтер

      01  Республика меншігіндегі акциялардың мемлекет-    5106063

          тік пакетіне дивидендтер

    4     Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу      5080

          үлесіне кірістер

      01  Республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу    5080

          үлесіне кірістер

    5     Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден     19433297

          түсетін кірістер

      01  Республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан      1335797

          түсетін кірістер

      02  Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін            3492500

          жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер

      03  "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін            14605000

          жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер

Укажите название закладки

Создать новую папку