(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 07.06.99 Ж. № 708 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысы
(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы , "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойған кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінiң
1999 жылғы 7 маусымдағы
№ 708 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң
кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулардың
тiзбесi
ҚР Үкіметінің 13.01.04 ж. № 32 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 11, 105-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасында ағаш саудасын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ережеде:
44-тармақта:
Редакция документа
Демо – версия документа