(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 19 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 956 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн
пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Топырақ және геоботаникалық зерттеулердi жүргiзуде қайталауға жол бермеу, жер мониторингi деректерiнiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға топырақтық, топырақтық-тұздық, топырақтық-эрозиялық, топырақтық-агрохимиялық, топырақтық-геохимиялық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен тексерулердiң бiрыңғай мемлекеттік есебiн, сондай-ақ көрсетiлген зерттеулер мен тексерулердiң негiзiнде жасалатын тақырыптық карталардың, картограммалардың сараптамасын жүргiзу жүктелсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
"Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 қыркүйектегi № 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 41, 390-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жер қатынастарын реттеу жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 800 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 269-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу
және оның деректерiн пайдалану ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа