(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 19 ТАМЫЗДАҒЫ № 918 ҚАУЛЫСЫ
Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау
(жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 918 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Yкіметінiң
2002 жылғы 19 тамыздағы
№ 918 қаулысымен
бекітілген
Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi,
сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша
сараптама жүргізу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
Редакция документа
Демо – версия документа