Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 20 НАУРЫЗДАҒЫ № 88 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығы
(ҚР Президентінің 11.11.99 ж. № 263; 10.02.00 ж. № 333;
15.05.00 ж. № 393; 12.05.01 ж. № 607; 07.02.02 ж. № 802;
24.09.02 ж. № 951; 06.08.03 ж. № 1160; 15.10.03 ж. № 1205; 25.03.04 ж. № 1319;
29.11.04 ж. № 1475; 15.12.04 ж. № 1501 Жарлықтарымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

(Бұрынғы редакцияларды қара)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Мыналар бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже (№ 1 қосымша);

2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (№ 2 қосымша).

2. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3237 Жарлығының күші жойылған деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 жылғы 20

наурыздағы № 88 Жарлығына

№ 1 қосымша

Қазақстан Республикасының

Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Ереже

I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку