Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 13 НАУРЫЗДАҒЫ № 383 ҚАУЛЫСЫ

Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. № 1184; 20.03.01 ж. № 372;
22.12.03 ж. № 1294; 23.06.04 ж. № 691 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 28 сәуірге енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

"Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ қайталама ресурстарды ұтымды пайдалану, қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне салықтық түсiмдердi арттыру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған:

1) 1-қосымшаға сәйкес Заңды тұлғалардың қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметiн лицензиялаудың ережесi (бұдан әрi Ереже);

2) ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. № 372 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 691 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 1370 қаулысымен 2-1-тармақ толықтырылды

2-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:

1) 2004 жылғы 15 шілдеге дейiн Лицензиаттардың қызметін Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) 2004 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiмен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл тәртiбін әзiрлесiн және бекiтсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку