Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы

 

ҚР Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің осы Жарлыққа түсініктемесін қараңыз

 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспары (бұдан әрі - Жоспар);

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір апта мерзімде Жоспарды және Бағдарламаны орындаудың желілік кестесін әзірлесін және бекітсін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша жүйелі негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалу барысы туралы және тоқсан сайын Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жоспардың және Бағдарламаның іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 32, 318-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку