(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.10.04 Ж. № 1127 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң кейбір
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы
(2005.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Комитеттiң төрағасына бес, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтыруларда:
13-тармақта:
төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
жетiншi абзацта "5 және 6-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен" деген сөздер "6-қосымшаға сәйкес қосымшамен" ауыстырылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдердiң күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
Үкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа