(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.04.02. № 102 ҚАУЛЫСЫ
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша
конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк
талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
4 ақпандағы № 102 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 6 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілiк талаптары бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен
бекітілген
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесi және конкурсқа
қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша конкурс (бұдан әрi Конкурс) ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібін айқындайды.
2. Конкурс өткізудiң мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.
3. Осы Ереженiң күші, қызметтiң аталған түрiн жүзеге асыруға рұқсаттар берудiң өзге тәртібін көздейтiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа