БҰРЫҢҒЫ РЕДАКЦИЯ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгінiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы
(2005.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Мемлекеттік еңбек инспекторы туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнің тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiне үш вице-министрі болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi туралы ереже;
Редакция документа
Демо – версия документа