(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 16 ШІЛДЕДЕГІ № 173 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі
№ 173 Жарлығы
(ҚР Президентінің 13.11.01 ж. № 720; 24.09.02 ж. № 951;
18.12.03 ж. № 1252;15.04.04 ж. № 1348 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 5 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік протоколдың бірыңғай нормаларын сақтау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколының негізгі ережелерін бекіту туралы" 1996 жылғы 12 маусымдағы № 3028 Жарлығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің 1999 жылғы
16 шілдедегі № 173
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік ережелерін реттейді.
Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдық нормаларды орнықтырады әрі қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын өткізген кезде протоколдық үлкендік реті принципін бекітеді (№ 1 және № 2 қосымшалар) және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
1 бөлім. Шетелдік делегациялар
сапарларының жіктелуі
Шетелдiк ресми делегацияға протоколдық рәсiмдер мен сый-құрмет сапардың ауқымына немесе делегация басшысының (Мемлекет басшысы, Үкiмет басшысы, сыртқы саясат ведомствосының басшысы немесе басқа да лауазымды тұлға) мәртебесiне, екi жақты қатынастардың деңгейiне сәйкес көрсетiледi.
1 тарау. Шетелдiк делегациялар сапарларының
деңгейi мен ауқымы бойынша бөлiнуi
Редакция документа
Демо – версия документа