(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 28.03.99 Ж. № 37 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер,
сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 ж. 28
наурыздағы № 37 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.09.00 ж. № 355; 20.12.01 ж. № 542;
13.05.02 ж. № 172; 11.08.03 ж. № 293; 25.09.04 ж. № 136
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 17 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұр. редакцияларды қара)
Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережелердi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа