(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 11 МАУСЫМДАҒЫ № 789 ҚАУЛЫСЫ
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646; 04.03.04 ж. № 272
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінiң
2001 жылғы 11 маусымдағы
№ 789 қаулысымен
бекітілген
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын
Қорғау жөніндегі комиссия туралы
Yлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) комиссиялар жергiлiктi атқарушы орган жанынан құрылады. Комиссия құрамы әкiмнiң шешiмiмен бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа