Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 639 Бұйрығы (күші жойылды)

 «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 639 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1322 болып тіркелген, № 3099 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 521 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағында:

1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (№ 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін.

2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін;

2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (№ 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін.»;

№ 1 қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку