Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1159 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлаужөніндегі өңiраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1159 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңiраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынуды;

2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции