Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.24.12. № 1374 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында мемлекеттік құкықтық статистиканы және арнайы
есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1374 Қаулысы

 

Осы редакция  2005 ж. 2 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпараттық жүйенi бұдан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.

2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн, Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу комитетiне жыл сайын 5 желтоқсаннан кешiктірмей ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісiм бойынша) жыл сайын 25 қаңтардан кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 1374 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және

арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған

бағдарламасы

 

Бағдарламаның паспорты

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку