(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2001 Ж. 23 ҚАҢТАРДАҒЫ № 149-ІІ ЗАҢЫ
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы
(ҚР 27.01.04 ж. № 524-II ; 2005.13.04 ж. № 40-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру (6-12 баптар)
3-тарау. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау (13-20 баптар)
4-тарау. Жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептілік (21-23 баптар)
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бір бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
2) жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар;
3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет);
4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
5) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;
5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;
Редакция документа
Демо – версия документа