Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 21 ТАМЫЗДАҒЫ № 932 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 тамыздағы № 932 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 18 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды

1. Қоса берiліп отырған:

1) Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесi;

1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;

2) радиожиiлік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудің жылдық ставкалары;

3) теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары;

4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиектi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары бекітілсiн.

2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесін және ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен

бекітілген

Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк

спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi

1. Осы Ереже теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку