(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 7 МАМЫРДАҒЫ № 520 ҚАУЛЫСЫ
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 6 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктірмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешендi шараларды және тетiктердi көздеу ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі
2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған
Редакция документа
Демо – версия документа