БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ
Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында
радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің
2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 7 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 19-бабының 12-тармақшасына және 433-бабының 2-тармағына сәйкес, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңына, "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Энергетика және минералдық | Денсаулық сақтау министрлігі |
ресурстар министрлігінің | Мемлекеттік санитарлық- |
Атом энергетикасы жөніндегі | эпидемиологиялық қадағалау |
комитетінің төрағасы | комитетінің төрағасы |
27 қыркүйек 2004 ж. | 27 қыркүйек 2004 ж. |
Республикасының мемлекеттік
Редакция документа
Демо – версия документа