(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшiлерге
жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртібі мен
шарттары жөніндегі Ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 7 маусым № 720
Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Жарлығының 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртібі мен шарттары жөніндегі қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Облыстардың және Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi жеке тұрғын үй салу көзделген жалпы жер массивiнен тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға аумақтарды қалдыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 маусымдағы
№ 720 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік
қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн
берудiң тәртібі мен шарттары жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік
қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерiн берудiң
тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметшiлерге бөлу үшiн көзделiп жеке тұрғын үй салуға қалдырылған аумақтар тиiстi қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде, ереже бойынша, бiрыңғай массивпен белгiленедi.
Мемлекеттік қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн беру басым тәртiппен жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа