(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ШІЛДЕДЕГІ № 763 ҚАУЛЫСЫ
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды
дайындау, өндiру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне
қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж.
№ 467 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі қызмет түрiнiң лицензияры болып табылады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
3-қосымшада 8-тармақтың 2-бағаны "Жарылғыш заттар" деген сөздерден кейiн ", өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап екi ай өткеннен кейiн күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Редакция документа
Демо – версия документа