(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.04.03. № 528 ӨКІМІ
“Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк
және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегі
iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы”
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 Өкімі
Осы редакция 2005 ж. 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса берілiп отырған, Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
бір апта мерзiмде Жоспардың iс-шараларын орындаудың желілiк кестесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша жүйелi негiзде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
тоқсан сайын Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсiн.
3. Орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың бірiншi басшылары Жоспардың iс-шараларының мүлтiксiз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi
| Н.Ә. Назарбаев |
Президентінің
2005 жылғы 4 наурыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа