(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1995 Ж. 17 СӘУІРДЕГІ № 2198 ЗАҢЫ
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17
сәуiрдегі № 2198 Заңы
(2005.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бірыңғай Мемлекеттік тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа