(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1995 Ж. 17 СӘУІРДЕГІ № 2198 ЗАҢЫ
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17
сәуiрдегі N 2198 Заңы
(ҚР Президентінің 31.09.95 ж. N 2447; 05.10.95 ж. 2489; 26.01.96 ж.
N 2824 Заң күші бар Жарлықтарымен; ҚР 15.07.96 ж. N 30-1; 19.06.97
ж. N 132-1; 22.04.98 ж.; 10.07.98 ж. N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1;
23.03.00 ж. N 39-II; 23.03.00 ж. N 40-II; 18.12.00 ж. N 128-II;
05.01.01 ж. N 135-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 24.12.01 ж.
N 276-II; 29.10.02 ж. N 348-II; 13.03.03 ж. N 394-II;
10.07.03 ж. N 483-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 18 наурыздағы N 537-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР 05.01.01 ж. N 135-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.
ҚР 23.03.00 ж. N 40-II; 29.10.02 ж. N 348-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу фактiсiн куәландыру;
Демо – версия документа