Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2002 Ж. 15 ШІЛДЕДЕГІ № 344-II ЗАҢЫ

Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 15 шілдедегі № 344-ІІ Заңы

(2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2005 ж. 8 шілдедегі  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                (1 - 5 баптар)
     2-тарау. Саяси партияны құру, қайта    (6 - 14 баптар)
              ұйымдастыру және тарату
     3-тарау. Саяси партияның қызметі       (15 - 18 баптар)
     4-тарау. Қорытынды ережелер            (19 - 22 баптар)
 
 

Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Саяси партия ұғымы

1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттік билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бірлестiгi саяси партия деп танылады.

2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.

2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар

туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.

2. Саяси партиялар заң алдында бірдей.

3-бап. Саяси партияларға бірiгу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бірлесу бостандығына құқығы бap.

2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір саяси партияға мүше бола алады.

3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку