(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРТІНІҢ 08.09.04 Ж. № 254-Ө ӨКІМІ
Мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау
функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын
құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8
қыркүйектегі № 254-ө өкімі
(ҚР Премьер-Министрінің 15.10.04 ж. № 304-ө өкімімен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту мен жүйелендiру және олардың санын азайту, кәсіпкерлiк субъектілерiн тексерудi реттеу, оңтайландыру және оңайлату бөлiгiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
ҚР Премьер-Министрінің 15.10.04 ж. № 304-ө өкімімен 1-тармақ толықтырылды
1. Мынадай құрамдағы мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрi - жұмыс тобы) құрылсын:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшi
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Оңалсын Исламұлы министрi, жетекшінің орынбасары
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Қайрат Нематұлы бюджеттік жоспарлау министрi, жетекшiнiң
орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және
Наталья Артемовна бюджеттік жоспарлау вице-министрi, хатшы
Редакция документа
Демо – версия документа