(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 24.09.03 Ж. № 345 ҚАУЛЫСЫ
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 24 қыркүйектегі № 345 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау ж/гі
агенттігінің 15.03.04 ж. № 74 қаулысымен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 159 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г.А.Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы"
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 345 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қорына қатысудың үлгі шарты
Алматы қаласы | "___"___________ 2003 жыл |
Редакция документа
Демо – версия документа