(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 2 ТАМЫЗДАҒЫ № 1093 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 2
тамыздағы № 1093 қаулысы
(2004 ж. 31 желтоқсанға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Yкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы
№ 1093 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 7, 57-құжат):
1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын;
2) 2-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр, сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын;
3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, республиканың су және жер ресурстарын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын басқару саласында, сондай-ақ геодезия мен картография, мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау мен сату саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа