(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 23.01.02 Ж. № 84 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн
салығынан босату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 84 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.09.02 ж. № 1071; 21.10.02 ж. № 1135;
21.02.03 ж. № 183 ;29.04.04 ж. № 488; 03.12.04 ж. № 1258;
04.12.04 ж. № 1271 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесi бекітілсiн.
2. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа