(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 01 ҚАРАШАДАҒЫ № 1388 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 462 ; 11.10.02 ж. № 1115 ;
02.06.03 ж. № 506;10.11.03 ж. № 1120; 02.07.04 ж. № 733 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде кеден-тариф саясатын жетiлдiру және ықпалдастық процестердi дамыту мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің 2001 жылғы 1
қарашадағы № 1388 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 462; 11.10.02 ж. № 1115; 02.06.03 ж. № 506; 10.11.03 ж. № 1120; 02.07.04 ж. № 733 қаулыларымен құрам өзгертiлдi
Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты
және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы
мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Редакция документа
Демо – версия документа