Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 993 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221; 01.04.03 ж. № 314 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  ҚР  Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 522 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi штат санының лимитi 307 бiрлiк санында белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды

5. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку