(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.08.99 Ж. № 1251 ҚАУЛЫСЫ
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркаларымен
таңбалаудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 26 тамыздағы № 1251 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1040; 08.11.01 ж. № 1421; 14.11.02
ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы, кіріспесі, 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Акциздік маркаларының қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік
маркаларымен таңбалаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін
акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1040; 08.11.01 ж. № 1421; 14.11.02 ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнімдері;
темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары).
Редакция документа
Демо – версия документа