(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығы
(ҚР Әділет министрлігінің 1999.24.08. № 66; 2004.14.12. № 361 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 18 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
Ұсынысты бекітуге:
1. Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесі
2. 1 түрді - "Қолхат"
3. 2 түрді - "Өтініш"
4. 3 түрді - "тіркеу үшін түскен құжаттарды есепке алу кітабы"
5. 4 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің тізімі"
6. 5 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі"
Министр
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы № 14
бұйрығымен бекітілді
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы
Ереже
Осы ереже "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған.
І. Жалпы ережелер
1. Ережені қолдану саласы
ҚР Әділет министрлігінің 1999.24.08. № 66 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.
ҚР Әділет министрлігінің 1999.24.08. № 66 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды.
ҚР Әділет министрлігінің 1999.24.08. № 66 бұйрығымен 2-бөлім алып тасталды
3. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеудің
құқықтық маңызы
Редакция документа
Демо – версия документа