Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 121-ө Бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы
органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы
8 сәуірдегі № 121-ө Бұйрығы

 

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-Ө Бұйрығымен күші жойылды

 

"Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л. Бекжановқа жүктелсін.

 

Министр

 

Ә. Самақова

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны

қорғау министрінің

2005 жылғы 8 сәуірдегі

№ 121-ө бұйрығымен

бекітілген

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы

жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының

қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талданған.

2. Осы Ереже қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (бұдан әрі - Аумақтық басқармалар) Қазақстан Республикасындағы бүкіл экологиялық-сараптама қызметін үйлестіруді орындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку