Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1111 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.24.12 № 1376; 2005.04.03  № 207 ; 2005.04.04  № 300  қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2005 ж. 4 сәуірдегі  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне төрт, оның iшiнде бір бірiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Қоса берілiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтілсiн.

5. Мыналарға:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку