(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ)
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29
маусымдағы № 645 Жарлығы
Осы редакция ҚР Президентінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 1530 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы 2007 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы" ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен
бекітілген
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президенті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Жарлығына сәйкес әзірленді және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен принциптерін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1052,6 гектарды құрайды.
2. АЭА Есілдің сол жақ жағалауын құрылысқа инвестицияларды тарту және озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау арқылы жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
Редакция документа
Демо – версия документа